Вирус пен бактериялар әлсіз организмді жақсы көреді – Курейш Хамчиев

5 Қазан 2020, 17:40
2616
Бөлісу:
Вирус пен бактериялар әлсіз организмді жақсы көреді – Курейш Хамчиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Астана мемлекеттік медицина академиясының қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Курейш Хамчиев коронавирустың қазіргі кезеңдегі ахуалы туралы айтып берді. 

Қазақстанда әлемдегі сияқты жағдай күрделі болды. Себебі індет басталған кезеңде Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігі вирустың жаппай таралуына тосқауыл қою бойынша айтарлықтай маңызды шешім қабылдады. Карантин кезінде адамдар бұл індеттің барына күмәнданған кезеңдер болды. Бастапқы кезеңде әлемде дүрбелең болған кезеңде қазақстандықтар ол кезеңді сабырмен қабылдады. Әрине, науқастар мен өлім де болды. Індеттен сауығып кеткендер де болды, - деді Хамчиев. 

Ол қазақстандық дәрігерлер ауқымды жұмыс атқарғанын айтты.

Олар індет туралы деректерді айтып, халыққа өздері білетін бар ақпаратты жеткізуге тырысты. Алғашқы кезеңдегі дүрбелеңде адамдарға қажетті ақпарат берілді деп ойлаймын. Қазір сенімсіз ақпаратқа сенуге болмайды, - дейді ол. 

Курейш Хамчиев атағандай, бастапқыда карантин босаңсыған кезде өзін-өзі оқшаулаған адамдар қорғану шараларын мүлдем ұмытып кетті.

Қала тұрғындары маска тақпай, медициналық қолғап кимей жүрді. Мерекелік шара ұйымдастырып, табиғатқа топпен шығатынды шығарды. Ол кезде Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық дәрігер жұртшылықты карантин талаптарын орындауға шақырды. Осы жағдай қазір аурудың қарқынын бәсеңдетті. Қазір осы қауіпті індетпен қатар, жіті респираторлық вирустық аурулар өршіп тұр. Қазір аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дүрбелеңге салынуға болмайды, - деді ол. 

Маман тұмау жұқтырған кезде де барлық белгіні зерделеуге шақырды. 

Егер бұрын-соңды болмаған белгілер анықталып жатса, оны тұмауға жатқызбау керегін түсіну керек. Осы кезде денсаулығыңызды бағамдап, жіті респираторлық вирустарды әдетте қалай емдейді, сол дәстүрлі емделуді қолға алу керек. Алдын алу шараларын жүзеге асырған дұрыс. Бірден коронавирус деп байбалам салудың қажеті жоқ. Ағза үшін кез келген жағымсыз, қалыпты емес жағдай үшін стресс әкеледі. Осы кезде организм жұмысқа қосылып, барлық жүйе ол фактордан қорғалу үшін бағытталады,- деді ол. 

Курейш Хамчиев атап өткендей, өмірде де түсініксіз жағдай болғанда, адам алғашқы кезеңде байбалам салып, дүрбелеңге түседі. 

Аздаған уақыт өткен соң адам нақты жоспар құрады. Сол сияқты организмде де жағдай туындайды. Біраз уақыт өткен соң, ағза да қорғану шараларын өзгертеді. Сол себепті адамдар стрестің алғашқы кезеңіне мән бермей, сәл күтіп, денсаулығын бақылау керек. Жарты немесе бір сағат өткен соң, ауру белгілері асқынса ғана жұмысты бастау керек. Себебі дәрігерлер күні-түні жұмыс істейді. Оларға қатысты арыз айтудың өзі орынсыз, - дейді ол. 

Хамчиевтің айтуынша, бүгінде аурумен күресудің тиімді жолдары белгілі.

Сондықтан да байбалам салуға себеп жоқ. Індет, әрине, аяғына дейін зерттеліп біткен жоқ. Зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Дегенмен, көп жағдайда болжам оңтайлы болып отыр. Көп жағдайда науқастар сауығып кетіп жатыр. Тек бұрынғы аурулары топтасқан адамдар тәуекел шкаласында тұр. Олардың жазылып кетуіне де барлық жағдай жасалып жатыр, - деді ол. 

Оның айтуынша, вирус пен бактериялар әлсіз организмді жақсы көреді. 

Вирус пен бактериялар иммунитеті әлсіз және қорғануға күші аз организмді таңдайды. Сол себепті біз иммунитетті көтерудің барлық талабын орындауымыз керек. Біріншіден, адамдарды стресс жағдайын болдырмай, уақытынан бұрын дүрбелеңге салынбайға шақырамын. Белсенді өмір салты мен дене шынықтырумен айналысу организмнің бар қызметін қолдануға мүмкіндік береді. Медициналық тұрғыдан алғанда, ағза қызметін жақсартатын барлық гормонның бөлінуі адам организмін нығайта түседі, - деді ол. 

Хамчиевтің айтуынша, тамақтануды да қолға алған дұрыс. 

Барлық санитарлық талапты сақтауды жалғастыра беру керек. Біз бұл кезеңді аман-есен өткеруіміз керек. Қазіргі жағдай салдарынан мектеп те қашықтан оқитын болды. Оның оң және теріс жақтары да бар. Халық жаңа ақпараттық технологияларды меңгерді. Ұстаздар да жаңа платформаларды меңгеріп, машықтанып алды. Медицина университеті де бұл бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Біз екі ақпараттық платформаны сатып алдық. Ол қашықтан оқытуды барынша жеңілдетеді, - деді ол. 

Хамчиевтің айтуынша, қашықтан оқытудың кері әсері – тәжірибенің болмауы. 

Бұл жерде де біз оңтайлы шешім қабылдадық. Көп кафедра студенттерге тапсырма береді. Студенттер ол тапсырманы үйдегі жақын адамдарының көмегімен жүзеге асыра алады. Бұл жағдай тынышталған соң, тәжірибеге көп ден қоюды мақсат етіп отырмыз. Себебі болашақ дәрігерлер сапалы білім алулары керек, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы