Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күзде вирустық ауруларға төтеп беру үшін ағзаға қандай дәрумендер қажет? Ресейлік иммунолог Марина Аплетаева үш түрлі дәруменді атады.
Бұл туралы politros.com жазды.
Диетолог-иммунологтың айтуынша, маусымдық аурудан қорғану үшін бета-каротин, А және С дәрумендерінің маңызы зор.
Күзде қызғылт сары түсті жемістерді тұтынған дұрыс. Олар – өрік, сәбіз, қауын мен шабдалы. Ал асқабақта А дәрумені көп. Ол тыныс жолдарын вирустар мен бактериялардан қорғайды. Бұл дәрумен сүт өнімдерінде де мол. Алайда, оның майлылығын ескеру қажет, - дейді иммунолог.
Одан бөлек, С дәруменінің де маңызы зор екен.
С дәрумені бар өнімдер де маңызды. Бұл дәруменді ағзада жинау оңай емес, десе де ол иммунитетті жақсы көтереді. Одан бөлек, бұл дәрумен жақсы антиоксидант бола алады. Ол ағзалардың жасушаларын зақымдалудан қорғайды, - дейді диетолог.