Виктор Друзин көркем жүзуден Үндістандағы Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзуден ерлер арасында жекелей сындағы еркін бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин 198.7639 ұпай жинап, ең жоғары нәтиже көрсетіп, чемпионаттың екінші алтын медалін жеңіп алды.
- Виктор Друзин — 198.7639
- Ремма Феруучи — 191.0126
- Ваттикорн Кхетхиранканок — 132.2613
Айта кетейік, турнирдің алғашқы күнінде Виктор Друзин техникалық соло бағдарламасында жеңіске жетіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілген болатын.