VIII Жазғы «Азия балалары» ойындары: Елордалық спортшы жүлделі болды

Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстанның қоржынына 3 қола медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2 Шілде 2024 2024, 20:46
АВТОР
 Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 2 Шілде 2024 2024, 20:46
2 Шілде 2024 2024, 20:46
747
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстанның қоржынына 3 қола медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кезекті жарыс күні Астана қаласының спортшысы Виктория Мельникова 1500 метрге жүгіруде мәре сызығын үшінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші – 4 минут 59,26 секунд.

Осылайша, айтулы бәсекеде жеңіл атлетикадан Астана қаласының бір спортшысы өнер көрсетіп, қола медаль иегері атанды.

VIII жазғы «Азия балалары» ойындары 7 шілдеге дейін жалғасады.
 

Наверх