Вейп-шоптарға 98 мониторингтік рейд жүргізілген

Бөлісу:
Вейп-шоптарға 98 мониторингтік рейд жүргізілген
Фото: автордан

Алматыда "Вейпсіз жастық шақ" әлеуметтік жобасы аясында атқарылған жұмыстардың қортындысы жарияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жоба "Қазақстанның Балалар Қоры" ҚҚ бастамасымен еліміздің бірнеше қалаларында өткізілген. Вейп-шоптарға 98 мониторингтік рейд жүргізілген, оның ішінде полиция қызметкерлерімен, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің қатысуымен. Ал 21 жасқа дейінгі адамдарға вейптерді сату туралы талапты бұзғаны үшін 42 әкімшілік хаттама жасалған. 

Бұл туралы баспасөз конференциясында әлеуметтік жобаның жетекшісі Эльвира Ватлина атап өтті.

Білім беру мекемелерінде вейпингтің зияны мен алдын алу туралы 48 семинар мен ақпараттық кездесулер ұйымдастырылғанын атап өтті. Мұғалімдерге, ата-аналарға және сатушыларға 4208 мамандандырылған вейпшоптар мен сауда нүктелеріне 19590-нан астам ескертпе таратылған. Жоба шеңберінде, тыйым салынғаннан кейін, вейптер мен бір рет қолданылатын темекілерді өткізу жолын анықтау мақсатында, танымал интернет-алаңдар зерттелді, Қазақстанда вейп өнімдерін белсенді түрде сату OLX сауда алаңында, сондай-ақ Telegram және Instagram секілді әлеуметтік желілерде жүргізілетіні анықталды, - деді "Қазақстанның Балалар Қоры" ҚҚ директоры, Халықаралық балалар қорлары қауымдастығының Вице-президенті, әлеуметтік жобаның жетекшісі Эльвира Ватлина.

Зерттеу барысында анықталғандай, сатушылар вейп жарнамасын 18-30 жас аралығындағы ерлер аудиториясы үшін бағыттайды. Орналасу контекстінде жекелеген өңірлер емес, бүкіл Қазақстан пайдаланылады. Ал OLX-те вейптер 2020 жылдан бері сатылады екен. Аталмыш құрылғылардың сатылуы туралы хабарландыруларды орналастырған аккаунтардың басым бөлігі 2024 жылдың маусым-шілде айларында тіркелген.

 Вейптарды сатуға, оларды әкелуге және өндіруге тыйым салуды үкімет толық ойластырған жоқ. Тыйым салынғаннан кейін, сатушыларға бар өнімді сату үшін жеткілікті мерзімдер беру елдегі жағдайға айтарлықтай әсер ететін еді. "Көлеңкелі" сатылымдар біраз қысқарып, вейп тұтынушыларының саны әлдеқайда азаятын еді, - деді Қазақстан Халықаралық Адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының Қарағанды филиалының директоры Юрий Гусаков.

Өзгелердің жаңалығы