Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Вьетнамдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 90-ға жетті

23 Қараша 2025, 18:48
469
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Қатты нөсердің салдарынан Вьетнамда болған су тасқыны кезінде қаза тапқандар саны 90 адамға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта министрлігі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою департаментінің мәліметінше, тағы 12 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.

Құтқару жұмыстар жүруде. Табиғи апат салдарынан 1154 тұрғын үй бүлінген. Нөсерлі жауын елдегі жағдайды әлі де қиындатып тұр.

Су тасқыны салдарынан 1 миллионнан астам отбасы электр жарығынсыз қалған. Жалпы залал алдын ала есеп бойынша 341 миллион долларға бағаланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы