Вьетнамның орталық өңірінде бірнеше күн бойы толассыз жауған нөсер мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 55 адамға жетті, тағы 13 адам хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа басылымына сілтеме жасап.
28,4 мыңнан астам тұрғын үй әлі де су астында, ал 946 үй зақымдалған.
Елдің Дамбаларды басқару және табиғи апаттардың алдын алу департаментінің мәліметінше, тасқын шамамен 80 мың гектар күріш алқаптары мен өзге де ауыл шаруашылығы алқаптарын су астына қалдырған. Сондай-ақ 3,2 миллионнан астам мал мен құс қырылған.
Департамент табиғи апаттан келген жалпы экономикалық шығынды 9 триллион вьетнам донгына (яғни шамамен 358 миллион АҚШ долларына) бағалап отыр.