Ветеринарлық бақылау қызметі Ауыл шаруашылығы министрлігіне қайтарылады

27 Наурыз 2019, 16:42
2137
Бөлісу:
Ветеринарлық бақылау қызметі Ауыл шаруашылығы министрлігіне қайтарылады

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ветеринариялық қызметтің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері туралы заң жобасына енгізілетін өзгерістерді баяндады.

«Жергілікті атқарушы органдарынан, кеден органдарынан бақылау-қадағалау функциясын ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствасына тапсыру жолымен бақылау-қадағалау фунциясын шоғырландыру. Жергілікті атқарушы органдар ветеринария қызметінің вертикальді бағыныштылығын құру жолымен оның құрылымын өзгерту. Яғни ветеринариялық бөлімшелерді ауданда, облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде өкілдігі болу мүмкіндігімен облыс деңгейінде шоғырландыру», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі. 

Заң жобасының қорытындысында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау функуцияларын мемлекеттік кіріс органдарынан ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына беру туралы айтылған.
Назерке Абибулла
Өзгелердің жаңалығы