Алматы облысы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 220 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек өтелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысының прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тұрақты түрде талдау жүргізеді.
Талдау барысында Алматы облысы бойынша "Ветеринариялық станция" ПВХ МКК биылғы жылдың қаңтар айында жалпы сомасы 223 млн теңгеге 1043 қызметкерге жалақы төлемегені анықталды.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді. Жоғарыда аталған ұйымның басшысы ҚР ӘҚБтК 87-бабы бойынша 150 АЕК (553 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі күні басшы көрсеткен сома өтелді. Сонымен қатар жалақыны уақтылы төлемеген жағдайда заңнамада әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 87-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 152-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделгенін түсіндіреміз, - делінген хабарламада.