2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында ветеринариялық қызмет саласында көрсетілген қызметтер көлемі 69 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,9% жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, оның ішіндегі қызметтің 4,3% немесе 2,9 млрд теңгесі жеке кәсіпкерлер, қалғаны кәсіпорындар есебінен көрсетілген.
Айта кетейік, ауылды жерлерде көрсетілген қызметтер көлемі 32,3 млрд теңгені құрады.
Өңірлер арасында қызметтің ең көп көлемі Түркістан облысында көрсетілген – 7,6 млрд теңге.
Сондай-ақ айтарлықтай көлем Астана қаласы (7 млрд теңге) мен Жамбыл облысынан (5,9 млрд теңге) тіркелген. Көрсетілген қызметтің ең аз көлемі Шымкентте – 646 млн теңге.