Венгриядағы жол-көлік оқиғасында 19 автокөлік жанып кетті

12 Наурыз 2023, 18:18
761
Бөлісу:
Венгриядағы жол-көлік оқиғасында 19 автокөлік жанып кетті
Фото: www.bobrlife.by

Венгрияда қырықтан астам автокөлік соғылып, салдарынан 19 машина жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап. 

Полиция жаппай жол-көлік оқиғасы Будапештен батысқа қарай 25 шақырымда орын алғанын мәлімдеді. Соғылған көліктердің арасында бес тіркемелі тартқыш көлік те болған. 

Полицияның мәліметінше, оқиғадан 19 автокөлік өртеніп, 36 адам жарақат алған. Олардың біреуі – аса ауыр және 13-і ауыр халде ауруханаға жеткізілгені айтылды. 

Билік ЖКО болған тасжолдың екі бағытында да қозғалысқа шектеу қойды.

Өзгелердің жаңалығы