Венгрия астанасы Будапеште функционалды көпсайыс бойынша әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Онда фитнес шеберлері бақ сынасады. Додаға 36 елден 824 атлет барған.
Қатысушылар 6 санат бойынша сынға түседі. Спортшылардың ең жасы 12-де, ал үлкені 66-да. Былтырғы чемпионатта Норвегия командасы жеңімпаз атанған. Арасында еліміздің спортшылары да бар.
Халықаралық сайыс 15 желтоқсанға дейін жалғасады.
Мен баршаңызға "Супер әлемдер" деп аталатын биылғы әлем чемпионатына "Қош келдіңіздер!" деймін, - деді Халықаралық функционалды фитнес федерация президенті Гретчен Киттельбергер.
Бұл бірнеше мәдениеттің өкілі – дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген спортшыларды біріктіріп келе жатқан жоба. Алғашқы әлем чемпионаты 2017 жылы өтіп, оған 8 елден ғана қатысқан еді.
Содан бері 7 жылдың ішінде қызығушылар саны артты.