Венгрия тағы да Украина бойынша ЕО саммитінің қорытынды құжатын бұғаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Венгрия Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер мен үкімет басшылары саммитінің Украинаға қолдау көрсету жөніндегі қорытынды құжатын тағы да бұғаттады, оны тек 26 ел қолдады.
Report ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлағандай, бұл туралы Брюссельде өтіп жатқан кездесу аясында жоғары лауазымды ЕО өкілі мәлімдеген.
Украина бойынша қорытындылар алдыңғы саммиттегідей 26 ел форматында мақұлданды, – деді ол.
Еуропалық дипломаттың айтуынша, ЕО саммиті АҚШ жүргізіп жатқан Украина бойынша келіссөздерге ықпал ету жолдарын талқылауда.
ЕО көшбасшылары АҚШ жүргізіп жатқан Украина бойынша келіссөздерге ықпал етудің ең тиімді жолдарын талқылауда, – деп атап өтті дипломат.
Жалпы, оның айтуынша, Украина мәселесі бойынша пікірталас бар болғаны екі сағатқа созылды. Оның аясында Украина президенті Владимир Зеленский саммитке қатысушыларға бейнебайланыс арқылы үндеу жасады.
Еске сала кетейік, 6 наурызда Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Украинаға қолдау көрсету жөніндегі Еуропалық кеңестің кезектен тыс отырысының қорытындыларына қол қоюдан бас тартқан болатын. Соның нәтижесінде құжат Еуропалық Одақтың 27 елінің 26-сы тарапынан мақұлданған еді.