Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тың жаңалықты жергілікті екі жас ғалым ашты. Олардың осы микроағзалардан жасаған сұйықтығы кез келген пластмассаны бірнеше аптада ыдыратып жібере алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның жойылу процесін күз кезінде жапырақтың жерге түсіп шіруімен салыстыруға болады дейді мамандар. Пластмасса екі аптада іріп ұсақталса, 7 апта ішінде толықтай жойылып бітеді екен. Ғалымдар өз жаңалығы өнеркәсіптік жолға қойылса, әлемдегі пластмасса қоқыстарды азайтуға септігін тигізер еді деп отыр.Пластамасса қоқыстар – әлем бойынша ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан биотехнология мен химиялық инженерия арқылы осы проблеманы шешуге бел будық. Мақсатымыз – пластамассаны өзінің бастапқы табиғи қалпына келтіру жолдарын табу болған еді, – дейді ғалым Лиз Мадарас.