Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Венгрия ЕО кеңесіне қарсы Люксембург сотына шағым түсірді

28 Тамыз 2025, 05:18
555
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Венгрия Үкіметі Еуропалық Одақ Кеңесіне қарсы Люксембург сотына шағым түсірді. Даудың себебі – Ресейдің тоқтатылған активтерінен түскен табыстың Украинаға берілуі. Бұл туралы Portfolio басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 21 мамырда ЕО Кеңесі Ресей орталық банкінің тоқтатылған активтерін басқарудан түскен таза пайданың 99,7%-ын Еуропалық бейбітшілік қорына (EFM) аудару туралы шешім қабылдаған болатын. Қор соғыс басталған 2022 жылдың ақпанынан бері Киевке 11 млрд еуродан астам көмек бөлген.

Будапешт мұндай тәртіп ЕО құрылтай шарттарына қайшы екенін алға тартып отыр. Венгрия соттан 2025 жылғы ақпанда қабылданған ЕФМ басқарушы комитетінің шешімін және оны бекіткен хаттаманы жоюды талап етуде.

Шағым биылғы 11 шілдеде Люксембург сотына түскен. Іс ресми түрде қабылданып, 25 тамызда ЕО ресми журналында жарияланды. Сарапшылардың айтуынша, шешімнің шығарылуына бірнеше жыл кетуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы