Биыл белгілі саяхатшы Марко Полоның дүниеден озғанына 700 жыл, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұл жолғы шара венециялық жиһангезге арналып отыр.
Екі апта бойы су үстіндегі қаладағы іс-шаралар оның Азиядағы саяхаты кезіндегі оқиғалар желісінде ұйымдастырылады.
Шаһар тұрғындары мен қонақтарына түнгі парад, бал-маскарад, Гранд каналдағы шоулар көрсетіледі. Карнавал 13 ақпанға дейін жалғасуы тиіс.