Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Венесуэлаға уақытша президент тағайындалды

Кеше, 09:48
510
Бөлісу:
 Report
Фото: Report

Венесуэланың жоғарғы соты вице-президент Делси Родригесті мемлекет басшысының міндетін атқарушы етіп тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Report агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, бұл туралы жергілікті Venezolana de Televisión телеарнасының эфирінде судья Таня Д’Амелио мәлімдеді.

Венесуэланың жоғарғы соты (TSJ) республиканың атқарушы вице-президенті Делси Родригестің Конституция мен Венесуэла заңдарын қатаң сақтай отырып, республика президентінің міндетін дереу атқаруға кірісуін тапсырды, - деді ол.

Судьяның түсіндіруінше, бұл шешім жоғарғы соттың Конституциялық палатасы тарапынан 2026 жылғы 3 қаңтарда орын алған шетелдік әскери агрессияға және Венесуэланың конституциялық президенті Николас Мадуроның ұрланып әкетілуіне байланысты қабылданған.

Өзгелердің жаңалығы