Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Венесуэладан мұнай тасымалдайтын тағы бір танкер АҚШ бақылауына өтті

Бүгiн, 02:34
155
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Кариб теңізінде санкцияланған кемелер үшін Дональд Трамп белгілеген карантинді бұзған Veronica танкерін ұстады. Бұл туралы АҚШ Қарулы Күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Танкер АҚШ әскері мен Gerald R. Ford тасымалдаушысынан ешқандай қақтығыссыз алынды. Marinetraffic қызметі мәліметіне сәйкес, кеме Гайана туының астында қозғалған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт Вашингтон әкімшілігі Венесуэладан шыққан барлық танкерлерді АҚШ рұқсатынсыз ұстауды жалғастыратынын айтты.

Айта кетейік, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен әйелі 5 қаңтарда Нью-Йорк штатының федералды сотына жеткізілген. Оларға есірткі саудасына қатысы бар деген айып тағылған, бірақ Мадуро мен әйелі кінәні мойындамаған.

Өзгелердің жаңалығы