АҚШ-тың Каракастағы азаматтық және әскери нысандарға жасаған шабуылынан кейін мыңдаған турист Кариб аралдарынан шыға алмай қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ британдық The Daily Mail газетіне сілтеме жасап.
Көптеген турист рейстер кестесінің кешігуіне байланысты Кариб аймағында қанша уақыт қалатыны белгісіз болғандықтан алаңдаулы. Соңғы бір тәулікте Сент-Томас аралындағы Сирил Э. Кинг атындағы әуежай 43 рейсті, ал Аруба аралындағы Королева Беатрикс атындағы халықаралық әуежай 44 рейсті тоқтатуға мәжбүр болған. Сонымен қатар Пуэрто-Рикодағы Луис Муньос Марин атындағы халықаралық әуежайда 169 рейс отменаға ұшыраған.
Жалпы алғанда, Венесуэладағы жағдай 19 әуежайдың жұмысына әсер етті. Олардың қатарында АҚШ және Ұлыбритания Виргин аралдарындағы, Пуэрто-Рикодағы, Сент-Мартин, Сент-Люсия, Барбадос және өзге де аралдардағы әуежайлар бар, - деп толықтырды басылым.