Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Венесуэлада жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды

Кеше, 09:50
296
Бөлісу:
 Carlos Becerra / Getty Images
Фото: Carlos Becerra / Getty Images

Венесуэла билігі елді қорғау жолында қаза тапқан азаматтарды еске алу мақсатында жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Бұл туралы республика вице-президенті Делси Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол бұл жөнінде мемлекеттік VTV телеарнасының эфирінде айтты. Родригестің сөзінше, аза тұту билік өкілдерінің айтуынша, Венесуэланы және президент Николас Мадуроны қорғау кезінде өмірін қиған жас әйелдер мен ерлердің құрметіне жарияланған.

Вице-президент қаза тапқандар «республиканың ең жоғары құндылықтары жолында жанын қиған шейіттер» ретінде ұлықталатынын атап өтті. Сондай-ақ ел ішіндегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтау қажет екенін айтып, халықаралық қауымдастықты Венесуэлаға қысым мен сыртқы шабуылдарды тоқтатуға тағы да шақырды.

Аза тұту кезеңінде ел аумағында мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылады.

Өзгелердің жаңалығы