Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Венесуэлада төтенше жағдай жарияланды

Кеше, 13:46
358
Бөлісу:
 Associated Press
Фото: Associated Press

Венесуэла президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Mehr News Agency жазуынша, саясаткер ел азаматтарын «осы империалистік агрессияны жеңу үшін» жұмылуға шақырған.

Осы орайда АҚШ армиясының өкілі The New York Times басылымына Каракастағы жарылыстарға америкалық күштердің қатысы болуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты. 

Дегенмен АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Каракас аумағындағы жарылыстардан хабардар екені айтылды. 

Кейінірек CBS телеарнасының журналисі Дженнифер Джейкобс Трамптың Венесуэла аумағындағы нысандарға, оның ішінде әскери объектілерге соққы беру жөнінде бұйрық бергенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы