Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Венесуэлада босатылған тұтқындар саны 900 адамға жуықтады

Аида БАТУХАН
Бүгiн, 14:54
126
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Венесуэла билігі 2025 жылдың желтоқсан айынан бері түрмелерден 897 адамды, оның ішінде саяси тұтқындарды да босатқан. Бұл туралы республика ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо брифинг барысында мәлімдеді деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Anadolu сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ел түрмелерінде бірде-бір оппозициялық қайраткер қалмаған. 

Оппозициялық саясаткер Хуан Пабло Гуанипаның бостандыққа шыққаннан кейін көп ұзамай қайта ұсталуына қатысты сұраққа жауап берген Кабельо:

Кейбір саясаткерлер ақымақтықпен өздеріне бәрі рұқсат етілді деп ойлап, елде тәртіпсіздік ұйымдастыруға тырысты, осылайша босатылу шарттарын бұзды, - деді.

Венесуэладағы тұтқындар

Николас Мадуроның билігі кезінде Венесуэла түрмелерінде терроризм мен тыңшылыққа қатысы бар деген айыптармен ұсталған шетел азаматтары да болған. Бұл мәселе Каракас пен АҚШ арасындағы келіссөздер барысында көтерілген.

АҚШ президенті Дональд Трамп саяси тұтқындарды босату мақсатында бірқатар қадамдарға барған. Осы бастамалар аясында ол өткен жылы Венесуэлаға өзінің арнайы өкілі Ричард Гренеллді жіберген. Жазға қарай 20-дан астам америкалық азамат бостандыққа шыққан.

Алайда кейінгі айларда Трамп әкімшілігінің Венесуэла билігіне қарсы әскери және экономикалық қысымды күшейтуі аясында елде АҚШ-тың тағы бірнеше азаматы қайтадан тұтқындалған.

Өзгелердің жаңалығы