Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Венесуэлада АҚШ операциясы кезінде 100 адам қаза тауып, Мадуро мен әйелі жарақат алды

Кеше, 13:18
283
Бөлісу:
 TACC/EPA
Фото: TACC/EPA

Венесуэланың ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо АҚШ жүргізген операция салдарынан 100 адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған операция Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстаумен аяқталғаны белгілі.

Бұған дейін Каракас билігі қаза тапқандардың нақты санын жарияламаған еді. Ал әскерилер 23 қаза болған әскери қызметкердің аты-жөнін ғана таратты. Венесуэла шенеуніктерінің айтуынша, қаза тапқандардың арасында Мадуроның қауіпсіздік қызметінің көптеген қызметкерлері болған, олар «суыққанды түрде өлтірілген».

Reuters агенттігінің мәлімдеуінше, Диосдадо Кабельо операция барысында Силия Флорестің басынан жарақат алғанын, ал Николас Мадуроның аяғынан жараланғанын да айтты.

6 қаңтарда Венесуэлада қаза тапқан әскери қызметкерлерге байланысты бір апталық аза тұту жарияланды.

7 қаңтарда АҚШ әскери-теңіз күштері мен жағалау күзеті Атлант мұхитында Вашингтонның санкцияларды айналып өтіп, Венесуэла мұнайын тасымалдаумен байланыстырған екі танкерді ұстады. Әңгіме тексеруден бас тартқаннан кейін туын ресейлікке ауыстырған Marinera (бұрынғы Bella-1) кемесі мен Панама туы астындағы M Sophia танкері туралы болып отыр.

Венесуэладан кейін кімдер кезекте? Трамп көз тіккен бес ел туралы мына жерден оқи аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы