Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Венесуэла саяси тұтқындарға жалпы рақымшылық жариялады

Бүгiн, 04:27
217
Бөлісу:
 REUTERS/Leonardo Fernandez Viloria
Фото: REUTERS/Leonardo Fernandez Viloria

Венесуэла жаңа билігі 1999 жылдан бері саяси себеппен сотталған 700-800 адамға жалпы рақымшылық жариялады. Бұл туралы ел президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Родригес саяси тұтқындарды босатып, Каракастағы «Геликоид» түрмесін әлеуметтік және спорт орталығына ауыстыруды жоспарлап отыр. Рақымшылық туралы заң жақын арада Ұлттық Ассамблеяға ұсынылады.

Құқық қорғаушылар мен тұтқындардың отбасылары ұсынылған заңға сақтықпен қарағанымен, босатуға үміт білдіріп отыр. Foro Penal ұйымының вице-президенті Гонсало Химиоб бұл рақымшылық құқық бұзушылыққа жауапкершілікті жоятындығын білдірмейтінін атап өтті.

Еске сала кетсек, Венесуэла 2007 жылдан бері бұрынғы Чавес және Мадуро басқарған кезеңдерде бірнеше рет рақымшылық жариялағанымен, кең ауқымды жалпы рақымшылық болмаған.

Өзгелердің жаңалығы