Велошабандоздар ел чемпионатын сарапқа салады

Елордада велошабандоздар арасында чемпионат басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 13 Ақпан 2023 2023, 11:22
13 Ақпан 2023 2023, 11:22
1015

Елордада велошабандоздар арасында чемпионат басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Астанада 13 ақпан күні жастар мен жасөспірімдер арасында велоспорттан Мэдисон жарысы бойынша Қазақстан Ашық чемпионаты басталды. Аталған бәсекеде скретч жарысынан да ҚР кубогы сарапқа салынады.  

16 ақпанға дейін жалғасатын бәсеке «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. 

Еске сала кетейік 10-12 ақпан күндері элиталық санаттағы спортшылар спринт омниумынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.

Әсел Әбілбек

Наверх