Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ватиканда Рим Папасы билігінің екі маңызды символы жойылды

6 Мамыр 2025, 23:59
815
Бөлісу:
 Gregorio Borgia / AP Photo
Фото: Gregorio Borgia / AP Photo

Ватиканда Рим Папасы билігінің екі маңызды символы – қорғасын мөр мен Балықшы сақинасы – ресми түрде жойылды. Бұл рәсім Қасиетті Тақтың ресми сайтында расталып, жаңа понтификті сайлау алдындағы дәстүрлі және канондық акті ретінде сипатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рим Папасы Апостолдық хаттарға қол қою үшін осы белгілерді пайдаланған. Олардың жойылуы қазіргі понтифик Францисктің қайтыс болуына байланысты жүзеге асырылды.

Еске сала кетейік, Франциск Папа 21 сәуір күні, 89 жасында, ми инсультінен қайтыс болды. Соңғы рет ол көпшілік алдына 20 сәуірде Пасха мерекесінде шыққан болатын. Бұған дейін ол екі жақты пневмониямен ұзақ күресіп жүргені хабарланған.

Енді жаңа понтификті сайлау үшін конклав 7 мамырда өтеді. Оған дауыс беру құқығына ие 135 кардиналдың 133-і 5 мамырда Римде жиналып, дайындық аясында 10-шы жалпы қауымды өткізді.

Өзгелердің жаңалығы