Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вашингтондағы АҚШ Конгресінің ғимаратындағы наразылықтар кезінде кем дегенде төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы euronews.com хабарлады.
Айта кетейік, АҚШ Конгресі сайлаушылардың дауыстарын санау және демократ Джо Байден жеңген 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін түпкілікті растау үшін жиналды. Вашингтондағы жаппай наразылықтан кейін кетіп бара жатқан президент Дональд Трамптың жақтастарының бір бөлігі Конгресс ғимаратына кірді.
Бұл жағдай туралы АҚШ-тың бұрынғы президенттері де пікір білдірген еді. Сәрсенбі күні кешке Колумбия округінің мэрі төтенше жағдай режимін 15 күнге 21 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.