Вашингтонда ковид кесірі тыйылмай тұр

3 Қыркүйек 2022, 18:40
697
Бөлісу:
Вашингтонда ковид кесірі тыйылмай тұр

Америка апта сайын 11 қыркүйектегі террорлық актіден де көп азаматтарынан айырылып жатыр. Кесел сол баяғы ковидтен келіп жатыр. Бірақ екі жылғы пандемиядан әбден қажыған халық пен АҚШ билігінің бұған қазір бас ауыртқысы жоқ,деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап. 

Салдарынан еңбек нарығы да әлсіреп, экономикаға кері әсерін тигізуде. The Guardian-ның мәліметінше бұған жұрттың екпеден бас тартып, қарапайым санитарлық талаптың сақталмауы себеп. 

АҚШ штаттарының көбісі ақпаннан бастап шектеу шараларынан бас тартқан. Салдарынан иммунитеті әлсіз және егде адамдардың ажал құшуы азаймай тұр.

 Соңғы екі жылда індеттің ілмегіне іліккендердің кесірінен экономика да іркіліс пайда болды. Әсіресе алысқа жүк таситындар қатары күрт кеміді. 

АҚШ-та 16 млн. еңбекке жарамды адамның дәл осы кеселдің кесірінен әлі құтыла алмай жүр. Олардың жыл сайын жоғалтатын жалақысының көлемі 200 млрд доллардан асады екен. 

Демек ковидттің созылмалы дертке айналуы ел экономикасына да кесірін тигізіп жатыр деген сөз.

Өзгелердің жаңалығы