Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев вакцинациялау процесі туралы баяндап берді.
Республикада халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентін халықтың 78,6%-ы, екінші компонентін 74,4%-ы салдырды, - деп мәлімдеді ол.
Жандос Бүркітбаев атап өткендей, әлемде аурудың өсуін және «Омикрон» штамының кең таралуын ескере отырып, халықты вакцинациялау қарқынын арттырып, аяқтау қажет.
Вакцина салудың тиімділігі дәлелденген. Науқастардың 95% екпе алмаған адамдар. Желдету аппаратында жатқан науқастардың 96%-ы екпе алмаған адамдар. Отандастарымды вакцинация және ревакцинация алу туралы дұрыс шешім қабылдауға шақырамын, - дейді Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Үкіметте.