Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жалған вакцинация паспортын жасап сатқан күдіктілер ұсталды.
Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, медициналық құжатты екі дәрігер дайындап, үш азамат арада делдал болған.
Олар азаматтарды "екпе алды" деп ақпараттық базаға тіркеу үшін 20 мың теңге ақы сұраған. Осылайша, вакцинация паспортын алам деушілерге емханаға келу қажеттілігі де туындамаған. Қазір бұл қылмыстық әрекетке қанша адамның қатысы бары анықталуда.
Күдіктілер бүгінде 20 адамға жалған құжат жасағандарын мойындаған. Алайда, полиция қызметкерлері бұл санақтың әлдеқайда көп болуы ықтимал екенін айтады.