Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында сарапшылар вакцинациялауға қатысты жалған ақпараттардың желіде таралуы туралы пікірлерін білдірді.
ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл дәйексіз деректердің көп таралуы вакцинацияға қарсы әсер етіп жатқанын алға тарты.
Маман жалпы вакцинациялау тәжірибесі әлемде бұрыннан қолданылып келе жатқандығына басымдық берді.
Жалған ақпараттардың көп тарауының негізінде вакцинацияға халық екіойлы болып отыр. Біз вакцинацияны денсаулық сақтау саласында бірінші жыл қолданып жатқан жоқпыз. Екпе балалар арасында да үнемі салынады. Әртүрлі ауруларға қарсы оның тиімділігі дәлелденген. Ал коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның қолданылып жатқанына жарты жылдан астам уақыт қана өтті. Нақты дерек жоқ, ревакцинацияның өзі әлі зерттеліп жатыр. Дегенмен, COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар арасында вирус жұқтыру дерегі төмендеген. Бұл фейкке қарама-қарсы жауап берейін: вирус жұққан соң 1-2 аптаның ішінде өліп кетуіңіздің ықтималдылығы жоғары, - деді Манар Смағұл.
Сарапшы сол себепті әр адам өзі ойланып, ақпаратты саралап шешім қабылдағаны жөн екендігін айтты.
Бұған дейін Манар Смағұл «Вакцина салдырған соң жүкті екеніңізді білсеңіз, не істеу керек?» деген сұраққа жауап берген болатын.