Вакцина паспорты Ashyq жобасымен бірігеді

<p> Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифингте мәлімдеді. </p>

 8 Маусым 2021 2021, 11:51
8 Маусым 2021 2021, 11:51
1804

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифингте мәлімдеді.

Брифинг барысында ол осы аптадан бастап Ashyq жобасы Алматы тұрғындарына қандай артықшылықтар беретінін атап өтті.

КВИ-ге қарсы екпе алған азаматтар қосымшада «жасыл» мәртебеге ие болады, сондай-ақ қоғамдық орындарға шектеусіз бара алады,-деді Қошмамбетов. 

Сонымен қатар ол 4 маусымдағы жағдай бойынша Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер саны 1 700-ге дейін өскенін айтты.

Бұл жалпы ерікті қатысушылардың саны, жоба өзінің халыққа тиімділігін көрсетті. Бизнесмендер жобаға оң баға беріп, оның артықшылықтарын көріп, жобаға қосылғысы келеді, - деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры.
 

Наверх