Вакцина алар алдында аллергияға тексерістен өту керек пе?

16 Шілде 2021, 18:49
2607
Бөлісу:
Вакцина алар алдында аллергияға тексерістен өту керек пе?

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбындағы онлайн брифингте ДСМ санитарлық эпидемиологиялық комитетінің төрағасы Айжан Есмағанбетова айтты.

Оның айтуынша, қазіргі таңда індеттен сақтанудың бірден бір жолы бұл – вакцинация. Сонымен бірге инфекция өршіген уақытта санитарлық тәртіпті де ұмытпау керек дейді.

Бүгінгі таңда жалпы әлемде вакцина алар алдында ешқандай аллергиялық тексерістен өтпейді. Бұл тек короновирус инфекциясына байланысты емес басқа да вакцина түрлеріне қатысты. Аллергиялық тексерістен өткізудің қажеті жоқ – деді ол.

Сонымен қатар вакцина ұйымдастыру барысында дәрігердің атқаратын негізгі міндетін нақтылап кетті.

Вакцина алардан бұрын міндетті түрде дәрігер тексерістен өткізеді. Маман ғана пациенттің екпе алуға мүмкіндігі бар, не жоғын анықтай алады. Сол себепті дәрігердің қарауынан өтпегендер мен вакцина алуға шектеуі бар адамдар екпе ала алмайды. Бұл жалпы санитарлық тәртіпте бекітілген. Бұл алгоритм барлық вакцина түрлерінде сақталады - деді Айжан Есмағамбетова.

Өзгелердің жаңалығы