ВАК: Мереке күндері карантин талаптарын бұзатындар көп

17 Желтоқсан 2020, 18:12
1215
Бөлісу:
ВАК: Мереке күндері карантин талаптарын бұзатындар көп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар мереке күндері карантин режимін жаппай бұзуда. Бұл туралы ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Санитариялық дәрігерлердің бірнеше рет айтылған ескертулеріне қарамастан, мониторингтік топтардың рейдтік шаралары кейбір адамдардың өздерінің ғана емес, жақындарының да денсаулығы мен қауіпсіздігіне бей-жай қарайтындығы анықталды. Мысалы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы «Ұлытау» мейрамханасында 50 адамның қатысуымен той өткізілгені анықталды. Бұл санитариялық дәрігерлердің нұсқауларын тікелей бұзу болып табылады, - делінген хабарламада.

Жезқазған қаласы бойынша пандемия басталғаннан бері барлығы 175 бұзушылық анықталған.

Оның ішінде 19-ы отбасылық іс-шараларды өткізу фактілері. Тәртіп бұзушыларға 19 737 690 теңге айыппұл салынған. Құрметті Қазақстандықтар, Сіздерден өз денсаулықтарыңыздың - өз қолдарыңызда екендігін ұмытпаулыңызды сұраймыз!, - дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы