Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – бәрімізге ортақ құрылым - Президент

17 Ақпан 2022, 21:02
1375
Бөлісу:
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – бәрімізге ортақ құрылым - Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында хабарлады.  

Президент сұхбатында көрші елдің кейбір журналистерінің «Ресей Қазақстанды құтқарды» деп жазып жүр» деген пікіріне өз ойын білдірді. 

Ресей – Қазақстанға жақын орналасқан серіктес мемлекет. Осындай жағдайда оның бізге көмекке келуі айтпаса да түсінікті. Мұны құтқару емес, ортақ мүддемізді қорғау үшін жасалған іс-әрекет деп түсінуге болады. Бұл – бір. Екіншіден, аталған мәселеге геосаяси ахуал тұрғысынан да қарау керек. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – бәрімізге ортақ құрылым. Ресей және Ұйымға мүше мемлекеттер Қазақстанның ғана емес, өздерінің де қауіпсіздігін ойлады. Сол үшін көмек қолын созды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы