«Үздік жоба идеялары»: Астанада жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша байқау өтіп жатыр

12 Қараша 2023, 05:45
636
Бөлісу:
«Үздік жоба идеялары»: Астанада жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша байқау өтіп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласында 11-12 қараша күндері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы мен «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығында сағат 13:00-18:00 аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Үздік жоба идеялары» байқауы өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқау ұйымдастырушылары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті.

Байқаудың мақсаты мен міндеті – парасаттылық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» идеологиясын ілгерілету, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмылдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобалардың идеяларын іздеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау.

Комиссия ұсынылған идеяларды 3 критерий бойынша бағалайды: өзектілігі, тиімділігі, ерекшелігі.
Байқау жеңімпаздарына диплом және ақшалай сертификаттар табысталады.

Марапаттау рәсімі Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған форумда өтеді.

Өзгелердің жаңалығы