Үздік тәжірибе алмасу екі тарап үшін де пайдалы - Әбішев

19 Маусым 2023, 21:30
1822
Бөлісу:
Үздік тәжірибе алмасу екі тарап үшін де пайдалы - Әбішев
PHOTO
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Қырғызстанның әскери заңгерлері Қарулы күштердің қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге қатысушылар заң қызметтерінің құрылымы, заң шығару нормасы және қорғаныс ведомстволарының құқық қолдану практикасы туралы ақпарат алмасты.

Үздік тәжірибе алмасу екі тарап үшін де пайдалы - Әбішев

Тараптар сондай-ақ әскери заңгерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.

 Біз Қарулы күштер қызметінің құқықтық негіздерін жетілдіру, әскери қызметшілердің мәртебесін нығайту және әскери қызметтің тартымдылығын арттыру бағытында үнемі жұмыс істеп келеміз. Сондықтан біз үшін бұл жұмыстардың көршілерімізде қалай жолға қойылғанын білу маңызды. Үздік тәжірибе алмасу екі тарап үшін де пайдалы болады, – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Заң департаментінің бастығы әділет полковнигі Дидар Әбішев.

Үздік тәжірибе алмасу екі тарап үшін де пайдалы - Әбішев

Шетелдік әріптестерге қазақстандық әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін қолданыстағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер туралы айтылды.

Үздік тәжірибе алмасу екі тарап үшін де пайдалы - Әбішев

Дәстүр бойынша қонақтар Астананың көрікті жерлерімен танысып, Мемлекеттік әскери-тарихи мұражай мен Ұлттық қорғаныс университетінде болды.

Өзгелердің жаңалығы