BoxRec порталы P4P (pound-for-pound) үздік боксшылар рейтингін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Рейтингке сәйкес отандық боксшы Геннадий Головкин бесінші орынға тұрақтаған.
Бұдан бөлек алдыңғы аймен салыстырғанда алғашқы ондықтың құрамында өзгеріс бар.
Мәселен әлемнің жеңіл салмақтағы абсолютті чемпионы, рекордтық 30 жеңіске жетіп, 15 нокаутқа қол жеткізген Девин Хэйни украиналық спортшы Василий Ломаченко екеуі арасындағы жұдырықтасудан кейінгі даулы жеңісінің арқасында 8-орынды еншілеген.
BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшыларының рейтингі келесідей:
1. Сауль Альварес (Мексика);
2. Дмитрий Бивол (Ресей);
3. Теренс Кроуфорд (АҚШ);
4. Наоя Иноуэ (Жапония);
5. Геннадий Головкин (Қазақстан);
6. Джервонта Дэвис (АҚШ);
7. Шакур Стивенсон (АҚШ);
8. Девин Хэйни (АҚШ);
9. Реджис Прогре (АҚШ);
10. Хуан Франсиско Эстрада (Мексика).