Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұйықтап бара жатып шошып ояну қауіпті ме?

20 Қыркүйек 2025, 21:30
573
Бөлісу:
 freepik.com
Фото: freepik.com

Кейде көз іле бастағанда кенеттен қатты селк етіп, бейнебір тұңғиыққа құлап бара жатқандай күй кешесіз. Жүрек дүрсілдеп, дене дір етіп, ұйқыңыз бұзылады. Дәрігерлер бұл құбылысты түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жағдай медицинада гипнотикалық селк ету деп аталады – ояулық пен ұйқының шекарасында пайда болатын еріксіз бұлшықет тартылуы.

Ғалымдар мұның нақты себебін әлі толық анықтамаған. Бір нұсқа бойынша, бұлшықеттердің босаңсуын ми қате түрде «құлау қаупі» деп қабылдап, денеге сигнал береді. Басқа бір болжам бойынша, бұл – ұйқыға ауысу кезінде жүйке жүйесінде пайда болатын бейберекет импульстардың нәтижесі.

Алайда мұндай «селк етуді» жиілететін факторлар бар:

  • стресс;
  • қатты шаршау;
  • ұйқы мен сергектік режимінің бұзылуы;
  • кешкісін кофе, темекі немесе ауыр жаттығулар.

Мамандардың айтуынша, егер мұндай құбылыс жиі қайталанса, өмір салтыңызға мән беру қажет. Қарапайым шаралар көмектеседі:

  • тұрақты ұйқы режимін сақтау;
  • кешкісін стимуляторларды пайдаланбау;
  • ұйқы алдында стрессті азайту;
  • жатын бөлмеде тыныш әрі жайлы атмосфера қалыптастыру.
Өзгелердің жаңалығы