Ұйымдастырушылардың аты аталып, халыққа ақиқат айтылсын – Кәпұлы

10 Қаңтар 2022, 10:17
1167
Бөлісу:
Ұйымдастырушылардың аты аталып, халыққа ақиқат айтылсын – Кәпұлы

Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Дәулеткерей Кәпұлы елдегі болған лаңкетікке қатысты пікір білдірді.

Тәуелсіздік-көзімнің қарашығы! Бейуаз жандардың қандықол қарақшылардың қолынан қаза табуы - қасірет. Отанымыздың тыныштығын күзеткен сарбаздар мен орган қызметкерлерінің арампиғыл, қараниет содырлардың оғынан ажал құшуы - айуандық. Марқұмдардың жатқан жерлері жұмақ болсын. Отанымыз аман, еліміз тыныштықта тіршілігін жалғасын! Кінәлілер тиісті жасасын алсын. Ұйымдастырушылардың аты аталып, халыққа ақиқат айтылсын. Ел Президенті ел тыныштығы үшін жасап жатқан қадамдарына құдай қуат берсін, халық қолдау болсын, -деді Дәулеткерей Кәпұлы.

Өзгелердің жаңалығы