АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ақ үйдің бұрынғы басшысы Джо Байденнің сынына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұйқылы-ояу Джо Байден - АҚШ тарихындағы ең нашар президент, - деп жазды ол.
Еске салайық, сәрсенбі күні Байден қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет жұрт алдында сөз сөйлеп, Трамптың жұмысын сынға алған еді.