Үйленетіндер жылдан-жылға азайып барады: Психолог министрге ұсыныс айтты

15 Ақпан 2024, 12:54
1499
Бөлісу:
Үйленетіндер жылдан-жылға азайып барады: Психолог министрге ұсыныс айтты
Фото: Арман Мухатов

Отбасылық психолог Ержан Мырзабаев министрліктің алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға ұсыныс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өзіңіз білесіз, Жастар және отбасы комитеті сіздің министрлікке қарайды. Қазақтың дана сөзі бар «Отбасы – кішігірім мемлекет, мемлекет –  үлкен отбасы». Ішіндегі проблемалары да бір-біріне қатты ұқсайтын болады. Соңғы жылдары елімізде ажырасудың көбейіп бара жатқанына құлағымыз үйреніп қалды. Тағы бір проблема – жылдан-жылға үйленудің азайып бара жатқаны, - деді маман.

Осыған байланысты министрге жастар арасында отбасын құндылықтарын дәріптеу жұмысын қолға алуды ұсынды. 

Университеттерде, мекемелерде отбасы құндылықтарын дәріптеу іс-шараларын ұйымдастыруға назар аударсақ. Қазір медиа, кино саласы осы бағытта жеткілікті дәрежеде жұмыс істеп жатқан жоқ. Келіндердің кемсітілуі, отбасылық өмірді қиындатып көрсету, үйлі болу үшін ажырасу керектігі, ажырасып, жалғызбасты болу материалдық тұрғыдан әлдеқайда пайдалы екенін көріп жатыр, - деді Мырзабаев.

Ол сөз соңында отбасы құрмас бұрын отбасы құруға кандидаттарды арнайы отбасы курстары арқылы оқыту, отбасылық өмірге жан-жақты дайындауды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы