Үйлену тойына баса-көктеп кірген бейтаныс адамдар төбелес шығарды

Куәгерлердің айтуынша, тойға шақырылмаған ер адамдар залға кіріп, алкогольге тапсырыс бере бастаған.

 freepik 13 Қазан 2025 2025, 23:56
13 Қазан 2025 2025, 23:56
876
Фото: freepik

Ресейдің Нижневартовск қаласында үш бейтаныс адам біреудің үйлену тойына рұқсатсыз кіріп, қонақтармен төбелес шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Gorod3466.ru сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 11 қазанда "Неолит" кафесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, тойға шақырылмаған ер адамдар залға кіріп, алкогольге тапсырыс бере бастаған. Мейрам ұйымдастырушылары олардан кетуді өтінгенде, бейтаныстар дөрекі сөз айтып, қарсыласуға шақырған.

Кикілжің төбелеске ұласып, нәтижесінде бірнеше қонақ жарақат алды. Бір адамның жақ сүйегі сынған, ал екіншісі есінен танып қалған.

Қазіргі таңда Ханты-Мансий автономды округі бойынша Ресей ІІМ баспасөз қызметі бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

Наверх