"Үйінің қасында": Алматыда бойжеткенге тиіскен жігітті полиция іздеп жатыр

Желіде Алматыдағы бойжеткенге тиісу оқиғасының видеосы тарады. Кадрларда жігіт қыздың соңынан еріп, үйінің қақпасына жеткенде оны ұстап қалғаны көрінеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 Видеодан кадр 9 Қыркүйек 2025 2025, 17:01
9 Қыркүйек 2025 2025, 17:01
1466
Фото: Видеодан кадр

Желіде Алматыдағы бойжеткенге тиісу оқиғасының видеосы тарады. Кадрларда жігіт қыздың соңынан еріп, үйінің қақпасына жеткенде оны ұстап қалғаны көрінеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Видео авторларының айтуынша, қыз полицияға арыз жазған және бейнероликтегі жігітті танығандар болса, хабарласуды сұрайды.

Аталған оқиғаға қатысты BAQ.KZ тілшісіне полиция жауап берді.

Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Фигуранттың тұлғасы, сондай-ақ объективті жағдайлар анықталып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінде.

Наверх