Үйде өрт шыққан жағдайда не істеу керек

22 Шілде 2024, 08:55
453
Бөлісу:
Үйде өрт шыққан жағдайда не істеу керек
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігі үйде өрт шыққан жағдайда жасалуға тиіс әрекеттерді еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, ең алдымен төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Сондай-ақ құзырлы ведомство бірнеше ережені естен шығармауды ұсынды:

  • Газ беру кранын жабыңыз, электр қуатын өшіріңіз;
  • Өрттің дамуының бастапқы кезеңінде сіз оны барлық өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер, төсек жапқыштары, құм, су және т.б.) пайдаланып сөндіруге тырысыңыз;
  • Ауа ағыны мен өрттің таралуын болдырмау үшін үйіңіздегі барлық есіктерді жабыңыз;
  • Үйден кетіңіз, осы жағдайда ең қауіпсіз жолмен жүріңіз;
  • Егер түтін сіздің үйіңізге еніп кеткен болса, еденге жақын болыңыз: ол жерде әрқашан таза ауа болады. Аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл орамалмен немесе сүлгімен жабыңыз;
  • Өрт сөндірушілердің рұқсатынсыз үйге оралмаңыз.
  • Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласуды ұмытпаңыз!
Өзгелердің жаңалығы