Ұялы телефон жиі ұрланатын өңірлер анықталды

13 Мамыр 2023, 21:34
1129
Бөлісу:
Ұялы телефон жиі ұрланатын өңірлер анықталды
Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі ұялы телефон ұрлығы жиі болатын өңірлерді атады, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, азаматтар ұрлық фактілері туралы арызды кеш береді. Бұл аралықта қылмыскер мүлікті өткізіп үлгереді.

Ішкі істер органдарында тіркелген қылмыстардың шамамен 80 пайызы меншікке қарсы жасалады – ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық жымқыру.

Олардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 2018-2022 жылдар ішінде ұрлық үлесі 62,6 пайыздан 40,1 пайызға дейін төмендеді. Мүлкінен айырылған адамдардың бәрі бірдей түрлі себептермен полицияға арызданбайды, - делінген тұжырымдамада.

Жыл сайын ұрлық саларынан азаматтарға 10 млрд теңгеден аса шығын келеді. Ал, кейінгі 5 жыл ішінде қылмыс уақытылы ашылып, зардап шеккендерге 57 млрд шығынның 32 млрд теңгесі өтелген. Тиісінше қалған 25 млрд теңге қайтарылмаған.

Талдау көрсеткендей, ұрлықтың 62 пайзы күндізгі уақытта жасалады. Олар қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 70 пайызға жеткнн. Олардың ішінде 85 пайызы барлық қалта, жартысынан көбі ұялы телефон және 65 пайызы көлік құралдарын ұрлау. Ұялы телефон ұрлығының жоғары үлесі Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, Ақтөбе, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі, - деп талдау жасалған тұжырымдамада.

Өзгелердің жаңалығы