Ұялы байланыс тарифтеріндегі бағаның өсуіне мемлекет араласты

21 Шілде 2023, 19:00
1047
Бөлісу:
Ұялы байланыс тарифтеріндегі бағаның өсуіне мемлекет араласты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Жағдайға қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Операторлар тарифтердің өсіруіне туралы хабарламаларына келетін болсақ, қазіргі уақытта Агенттік өз құзыреті аясында тиісті жұмыс жүргізуде: сұрау салулар жолданды, бағалар мониторингі жүргізілуде. Бірақ, Агенттік монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу жөніндегі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған кезде бағаны көтерудің негізділігін тергеп-тексеру аясында ғана анықтай алады, - деді ол.

Оның айтуынша, операторлар Агенттікке хабарлауға міндетті емес, заң шығарушы тек бір ай ішінде қызмет тұтынушыларын ескертуге міндеттейді.

Монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу жөніндегі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған жағдайда ғана бағаны көтерудің негізділігін тергеп-тексеру барысында ғана анықтауға болатынын тағы да қайталаймын. Қазіргі уақытта монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп түсіндірді Болат Сәмбетов.

Егер тарифтерді негізсіз көтеру фактілері анықталатын болса, онда заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген.

ӘҚБтК-нің 159-бабына сәйкес, нарық субъектілерінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын монополиялық жоғары бағаларды белгілеу, ұстап тұру арқылы теріс пайдалануы ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір ішінде жыл монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық кірісті тәркілей отырып, монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (кірістің) бес пайызы мөлшерінде біреуден айыппұл салуға әкеп соғады, - деді ол.

Айта кету керек, ағымдағы жылы ұялы байланыс операторларының бағалары тарифтік жоспарларға байланысты 8-ден 50% - ға дейін өсті. 2021-2022 жылдар кезеңінде тарифтердің өсуі орта есеппен 13-тен 37% - ға дейін құрады.

Мәселен, 2023 жылдың сәуірінде Билайн «Жарқын» тарифтік жоспарының құнын 1790 теңгеден 2490 теңгеге дейін  (өсім 39%) өсті; «Кселл» мен «Теле2» тамыз айынан бастап әртүрлі тарифтік жоспарларға, оның ішінде «Нақты лимитке» (Кселл) бағаның 3390 теңгеден 4390 теңгеге дейін көтерілгені туралы мәлімдеді (өсім 29%), «Жай супер» (Теле2) 2590 теңгеден 3290 теңгеге дейін (өсім 27%).

Агенттікке тарифтердің өсуіне және талап етілмеген қызметтерді таңуға 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 200-ден астам шағым түсті. Байланыс қызметтерін тұтынушылардың шағымдарын біз жан-жақты қараймыз, талдаймыз. Бірақ тағы да қайталаймын, нарық субъектілері өз құқықтарын жүзеге асыра отырып, Агенттіктің сұрауларына шағымданады. Қазір бұл мәселе сотта қаралып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы