Сотталып шыққан кооператив басшысы тағы да заңсыз смеха ойлап тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік осал топтарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша тергеу бастады.
«Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы Байжұманов 2014-2016 жылдары пайшылардың ақшасын жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған.
Босатылғаннан кейін ол «өткен күнмен рәсімделген» жалған құжаттарды пайдалану арқылы жаңа заңсыз схема әзірлеген.
Нәтижесінде 80-нен астам «жалған үлескер» жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған, - делінген мәлімдемеде.
Осылайша 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемденіп, сатпақ болған.