Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық кеңестің мүшесі Уайс Ерсайынұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.
Қазақстанда баспана алу кезегінде 500 мыңнан астам қазақстандық тұр. Бұрын үй кезегіне халық жергілікті әкімдіктер арқылы тұратын. 2019 жылдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тіркеле басталды. Енді үй кезегінде 10 жылдан астам тұрған азаматтар өздерін республикалық базадан таба алмай жатыр. Олардың ішінде қажеттілігі жоғары жандар да бар. Сол себепті биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспана ала алмай қалды, - деді Уайс Ерсайынұлы.
Ол атағандай, азаматтардың қолында 10-15 жыл кезекте тұр деген құжаттары бар.
Үй кезегіне халық "арендалық" үй алу үшін ғана емес, арзан пайыздық ипотека алу үшін де тұрады. Халыққа өздері жұмыс істеп, ипотека төлеуге, үй алуына мүмкіндік беру керек.Сондай ақ үй кезегіне "жалғызбасты" болып тұратын аналарға қойылатын шартты қайта қарау қажет. Үй кезегіне "жалғызбасты" болып тұрған ана тұрмысқа шықса кезектен шығарып жібереді. Үй кезегінен айрылмау үшін, олар екінші рет тұрмысқа шықса да, некесін заңдастырмайды. Осылайша "жалған некелер" қаптауда, - деді ол.