ҰТО ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тегін онлайн сабақтарды қайта бастады

21 Қараша 2023, 04:15
400
Бөлісу:
ҰТО ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тегін онлайн сабақтарды қайта бастады
Фото: baq.kz

Ұлттық тестілеу орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған онлайн сабақтар қайта өтетінін хабарлады. Алғашқы сабақ кеше, дүйсенбіден басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сабақтарды Qazbilim, Daryn online, Samga academy, Sabaq online, Geo online, Joo Online, Тарих мектебі, Onege school, Q-science education, Glucose biology, Moldir Adilkyzy, Физика мектебі, Easy bio, Akzhol education, Pro bio оқу мектептері өткізеді.

Оқу аталған оқу орталықтарының Youtube желісіндегі парақшасында ұйымдастырылады.

Онлайн сабақтар кестесі әр аптаның дүйсенбісінде жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы